Жазғы лагерде әлімжеттікке жол берілмейді
Жазғы лагерьлердегі әлімжеттікке жол берілмейді. Оқушылар демалатын орындарда құқықбұзу мен санитария талабына сай емес жағдайды байқасаңыз, тек дәлелмен шағымдануға болады – міндетті түрде фото немесе видеоға түсіріп алу керек.
Автор: Салтанат Шырынхан
31.05.2023
Гауһар Қаткенова, Алматы қаласының санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Егер санитарияэпидемиология мәселесімен шағымданатын болса, біздің органдарға шағымдануға болады. Бірақ ол шағыммен бірге қоса дәлел материал бірге тіркелуі керек. Ол – фотовидео материал. Егер ондай дәлел болмаса, біз ол лагерьге жоспардан тыс шығуға мүмкіндігіміз болмайды. Сондықтан шағымды дәлелді материалдармен толықтырып, біздің тарапқа да жолдаңыздар. Біз өз тарапымыздан шара қолданамыз.
Биыл жазғы лагерьлер мен сауықтыру орындарына бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалар жіберіледі. Ата-анасынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасындағы жеткіншектерге барлығы тегін. Жазда балалардың демалысын дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау алдымен ата-ананың міндеті дейді мамандар. Өйткені балалардың жарақаттануы, құқықбұзушылық пен зиянды әдеттерге әуестену қаупі дәл осы мезгілде арта түседі.
Осы орайда жазғы лагерлерден бөлек, білім ошақтарында да 1-8 сынып оқушылары аралығында жазғы мектеп жұмыс істейді. Онда бюджет есебінен де, ақылы түрде де жеткіншектерді аттандыруға болады. Бүгінде барлық демалыс орнына мониторнг жүргізіліп, толық тексерістен өткізіліпті. Енді лагерьлер мен сауықтыру мекемелердің жұмысы 1 маусымда, Балаларды қорғау күнінде басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!