{metadescription}
Тараздағы «Жамбыл жылу» қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды
Тараздағы «Жамбыл жылу» қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Тараздағы «Жамбыл жылу» қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Тараздағы «Жамбыл жылу» кәсіпорнының қызметкерлері басшыларына қарсы шықты. «Кәсіпорын директоры бізді жеке шаруасына жұмсап, құл сияқты көреді» - дейді.

Сөздеріне сенсек, қора тазалу, мал бағу, құрылыс жүргізу сынды жұмыстардың бәріне жегеді екен. Одан бас тартақандар қудалауға ұшыраған. Шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер бүгін компания директорына қарсы шықты. Ал басшының өзі басқа жұмысты қоса атқарудан еш сөкеттік көріп отырған жоқ.

Тек құбыр жөндейтіндер бір күнде әмбебап маманға айналған. Басшымыз құрылыстан бөлек, мал баққызып, қора тазалатып қояды дейді жиналғандар. Тараздағы жылыту мекемесенің қызметкерлері Қостанайда осындай азап көрген.

- Қолдарыңызды көтеріп қойыңыздар, міне, "Жамбыл жылудың" жігіттері Қостанайда. Істеп жатқан жұмысымыз. Біз қазір құрылысшы, кірпіш қалаушы, монолит тұрғызушымыз.

Тұрар Рысқұлов ауданына іссапармен кеткендер бөтен қаладан бір-ақ шыққан. «Әрі істеген жұмысымыз мұндағыларға ұнамай, Тараздағы басшымызға шағым түсірді» - дейді. Ол бірден жұмыстан қууға пәрмен берген.

Жаңабек Мәжитов, «Жамбыл жылу» кәсіпорнының бөлім басшысы:

- Құрылтайшы, жасырмай айтайын, Арман Захарапович деген кісі. Қазір бізде Жамбыл облысы мәслихатының депутаты. Сол кісіге Қостанайдағы Аман деген басқарушы тізімді жіберген, бес адамның. «Қайтамыз» деген жігіттердің бәрін жұмыстан шығар деп.

Ызалы топ бар шындықты жайып салды. Сөздерінше, биыл қаланың тең жарымы жылусыз қалуы мүмкін. Себебі: маусымға дайындық жұмысы тоқтап тұр. Әрі қатты аязда апат болуы ықтимал екенін айтады. Өйткені мазут пен ыстық су сақталатын цистерналар әбден тозығы жеткен. Басшылық соны қағаз жүзінде ауыстырып, баяғы қалпында қалдырды дейді.

Жанбота Қартамбаев, «Жамбыл жылу» мекемесінің қызметкері:

- Апатты бак істен шыққан күні үш ықшамаудан жылусыз қалады. Баяғы Екібастұзда болған жағдай бізде орын ала ма деп қорқып отырмыз. Магистральды жылу желілер дейміз, олар да ауыстырылған жоқ.

Кәсіпорын директоры дәл осы жағдай бойынша нақты жауап бере алмады. «75 қазандықтағы цистерналардың жай-күйін жатқа білу мүмкін емес» деп құтылды. Ал қызметкерлерді басқа жұмысқа жегудің еш сөкеттігі жоқ деп отыр.

Мүсілім Қасымов, «Жамбыл жылу» кәсіпорнының директоры:

- Біз сенімгерлік басқарушы болған соң, қандай жұмыс береді соны атқарамыз, соған тиісті ақшасын аламыз. Мысалы, жазда елге айлық беруіміз керек.

- Қостанайда қандай жұмыс атқарды?

- Құрылыс жұмысы болды, егін егу, ауыл шаруашылығы жұмыстары. заңға қайшы емес.

Наразы топ бүгінгі шудан кейін де қудалауға ұшырауымыз мүмкін дейді. Сондықтан құзырлы орган бұл істі бақылауға алсын деп талап қояды. 600-ге жуық жұмысшысы бар «Жамбыл жылу» мекемесінің қайта мемлекет меншігіне өтуін қалайды. Тек сонда ғана жалақы өсіп, жағдайымыз жақсара ма деп үміттенеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде