{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларымыздың болашағы баянды болсын»
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларымыздың болашағы баянды болсын»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларымыздың болашағы баянды болсын»

Балаларды қорғау күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Кішкентай қазақстандықтарға үлкен үміт артып, жарқын болашақ тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз, еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жанжақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!

Мерекеге орай еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 70 бала бүгін президенттің резиденциясын аралап көрді. Ақордаға экскурсияға халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері жиналған. Оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы орталық холл мен ресми қабылдау өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиын өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөз   залдарымен танысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде