{metadescription}
Балалар күні: Ақтөбедегі жарыста сегіз айлық Жантөре жүлделі болды
Балалар күні: Ақтөбедегі жарыста сегіз айлық Жантөре жүлделі болды

Балалар күні: Ақтөбедегі жарыста сегіз айлық Жантөре жүлделі болды

Балалар мерекесі Ақтөбеде ерекше тойланды. Таң атасымен балалар арбасының шеруімен басталған мейрам бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасындағы үш аяқты велосипед тебу жарысымен жалғасты. Ал әлі аяғы шықпаған бөбектер еңбектеп ерекшеленді. 

Ақтөбенің орталық саябығында ине шаншар орын жоқ. Әсіресе еңбектеуден жарыс өтетін маңға жұрт көп жиналды. Ал сайысқа алты айдан асқан, бір жасқа жетпеген бөбектер қатысты. Сәбилерден гөрі ата-аналары ақ тер, көк тер болды. Себебі, мәреге тілі шықпаған, ымды түсінбейтін бөбектерді түрлі ойыншықпен алдарқатып жеткізудің өзі оңай емес. Ал саябақтың басқа тұсында бала салатын арбалар шеруі өтті. Әркім өз әлі келгенше бөбегінің  көлігін әдемілеген. Бірі арбасын ұлттық нақышпен өрнектесе, екіншісі гүлмен көркемдепті. Шара соңында жеңімпаздар марапатталды. Сәбилер арасында еңбектеуден сегіз айлық Жантөре жүлделі болды.

Сәтбек Смағұлов:

- Бүгін бірінші орын, бас жүлдені алдық. Қазір велосипедтен ағаларына сәттілік тілейміз. Бастамасы жақсы. Қуаныштымыз. Бәріне сәттілік тілеймін! Балалар мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде