Оралдық ұстаздар жол апатына ұшырап, төрт мұғалім қаза тапты
Ақтөбеге диплом алуға келе жатқан оралдық ұстаздар жол апатына ұшырап, төрт мұғалім қаза тауып, үш адам ауруханада жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.06.2023
Еркін Өтегенов, Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы:
- Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ара қашықтықты сақтмай, жылдамдықты асырып, ДАФ жүк көлігінің артына соғылған. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бір жолаушы ауруханаға түскен бойда көз жұмған. Жеңіл көлікте Орал қаласының мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер болыпты. Олар Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқыған. Енді диплом алуы керек екен. Сол үшін такси жалдап, бәрі бірге шыққан. Аман қалған 27 жастағы жүргізуші мен екі мұғалім қазір облыстық ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, жансақтау бөліміне түскен.
Жасұлан Орынбаев, травматолог:
- Біреуінің қабырғалары сынған, оң жақ иығы да сынған. Үшінші науқастың оң жақ аяғы сынған. Қазір бәрі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы тексеріледі, мамандар келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!