{metadescription}
Ақтаулықтар «Ноғаев, су қайда?!» флешмобын ұйымдастырды
Ақтаулықтар «Ноғаев, су қайда?!» флешмобын ұйымдастырды

Ақтаулықтар «Ноғаев, су қайда?!» флешмобын ұйымдастырды

«Су қайда?» Астанаға есеп беруге келген Маңғыстау облысының әкімі судан тарыққан ақтаулықтардың жанайқайына жауап берді. Әкімнің назарын аударуға тырысқан тұрғындар бұған дейін шарасыздықтан, «Ноғаев, су қайда?!» деп жазылған плакаттармен флешмоб ұйымдастырған.

Тұрғындардың мұндай амалға баруына шағын ауданда бірнеше күннен бері судың тоқтауы себеп. Облыс әкімі жағдайдан хабардармыз деп отыр. Тек әкімдіктің назарын аудару үшін плакат ілудің қажеті жоқ дейді Ноғаев. Істен шыққан су сорғысы жөнделіп, бүгінде тұрғын үйлерге су берілген. «Қазір облыста ауыз суды тұтыну көлемі тәулігіне 162 мың текше метр, тапшылық әсіресе жазда қатты сезіледі», - дейді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Біз қандай сұраққа назар аудару керегін білеміз, түйіткілді мәселе туралы да білеміз. Осыған байланысты дер кезінде шара қабылданып жатыр. Бұл үйде сорғы бұзылған. Қаладағы кәсіпорындардың жұмысшылары ақауды жойып, су құбыры жаңартылды. Барлық күшжігеріміз көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде