ВИЧ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтыру көрсеткіші өсіп барады
Елімізде ВИЧ инфекциясын жыныстық қатынас арқылы жұқтыру белең алған. Науқастардың 75 пайызына ауру аталмыш жолмен таралады. Соңғы жылдары қауіпті дерттен көз жұмғандар азайғанымен, ауруға шалдыққандардың көрсеткіші жыл сайын өсіп барады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.06.2023
Қазақстанда қанынан ВИЧ инфекциясы анықталған 30 мыңнан астам адам бар. Соның 28 мыңы СПИД орталығында тіркеуде тұр. Оларға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Бұрын қауіпті дерт көбіне есірткіге тәуелді нашақорлардан таралса, қазір вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар күрт көбейген. Сондықтан мамандар сақ болуға шақырады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл індет әйелдерге қарағанда ер-азаматтардан көп анықталады. Бірақ созылмалы аурумен толыққанды өмір сүруге, отбасы құрып, бала сүюге де болады. Тек дертті асқындырып алмас үшін алдын ала тексеріліп, дәрігер жазып берген дәрілерді уақтылы ішіп отыру керек.
Ақерке Раушанбек, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының дәрігері:
- АИТВ инфекциясы созылмалы ауру. Оның ешқандай сырт көзге білінетін белгілері болмайды. Егер сізде кездейсоқ жыныстық қатынас болса, коммерциялық жыныстық қатынас болса, ине арқылы есірткі қолдансаңыз, міндетті түрде АИТВ инфекциясына тексерілу керек. Дәрідәрмек ішіп, денсаулықты дұрыстап күтсең, ауру емес адаммен айырмашылық болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!