{metadescription}
Соңғы қоңыраудан кейін Есілде бой сергітпек болып суға кетті
Соңғы қоңыраудан кейін Есілде бой сергітпек болып суға кетті

Соңғы қоңыраудан кейін Есілде бой сергітпек болып суға кетті

Шомылу маусымы басталмай жатып елімізде екі адам суға кетіп өлді. Астаналық 16 жастағы қыз Есіл өзеніне ағып кетсе, Каспий теңізіне шомылуға барған тағы бір бойжеткеннің денесі су түбінен табылды.

Асхат Ақылжанов, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Целиноград ауданында кешкі бес жарым шамасында қайғылы оқиға болды. Астанадан Есіл өзеніне  түсуге келген қыздардың бірі суға кетті. Сол жерде болған үш адам басқа үш қызды құтқарып үлгерді. Біреуін құтқара алмады.

Қайғылы оқиға Талапкер ауылының маңында болған. Жағада демалып жатқан үш азамат өзенде қол ұстасып ойнап жүрген төрт қыздың суға батып бара жатқанын көрген. Дереу көмекке ұмтылғанымен, бір бойжеткенді құтқара алмапты. 16 жастағы қызды  өзен ағысы алып кеткен. Аптап ыстықта суға шомылуға келген 4 оқушының жанында сынып жетекшісі де болған. Олар соңғы қоңыраудан кейін Есіл өзеніне түсіп бой сергітпек болыпты.

Ал Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында тағы бір жасөспірім суға батып кетті. 16 жастағы қыздың денесі құтқарушылар барғанша судан шығарылған. Марқұм қауіпті аймақта шомылған дейді мамандар. Ал, Ақтау қаласында суға батқан екі оқушыны куәгерлер құтқарып қалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.