ШҚО-да шомылуға тыйым салынған 74 орын анықталды
Шығыс Қазақстан облысында шомылуға тыйым салынған 74 орын анықталды. Рұқсат етілмеген жабайы жағажайларда суға түсу өте қауіпті дейді мамандар.
Автор: Ұлан Нұрахмет
02.06.2023
Төтенше жағдайлар қызметі шомылу маусымы басталмай тұрып, өңірдегі суға түсетін барлық орындарды тексеріп шыққан. Тіпті сүңгуірлер су астына түсіп, қауіпті заттардан түгел тазартқан. Яғни шыны бөтелкелер мен темір-терсектерді сүзіп шыққан. Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 21 жағажай бар. Мамандар аптап ыстықта тек сол жерге баруға кеңес береді. Өйткені жабдықталмаған жерде шомылған өте қауіпті. Мәселен, былтыр өңірде 7 адам суға кетіп өлген.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Рұқсат берілген – арнайы құтқарушы маман бар деген сөз. Алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлер болады. Және де бұл жерлерде жағажайдың түбі түгел тексерілген. Адамдардың қауіпсіздігіне барлық жағдай жасалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!