{metadescription}
Астанада бір топ ата-ана жеке киностудияға алданып қалған
Астанада бір топ ата-ана жеке киностудияға алданып қалған

Астанада бір топ ата-ана жеке киностудияға алданып қалған

Эфирді армандап барып, ит пен мысықтың суретін салып, ойнап қайтқан. Астанада бір топ ата-ана жарнамасы жер жарған жеке киностудияға алдандық деп дау шығарды. 6-16 жас аралығындағы баласын алты айлық ақылы үйірмеге бергендер енді ақшаcын қайтарғысы келеді.

Өйткені Big Frame деп аталатын медиамектеп ұл-қызымыздың «актерлік шеберлігін шыңдап, жұлдыз болудың қыр-сырын үйретеміз» деген шартын орындамады деп отыр.

Ата-аналардың балалары аудиторияларда алты ай бойы актерлік шеберлікті шыңдап, шешендік өнерді меңгеруге тиіс болған. Алайда 100 мың теңге тұратын ақылы үйірме екі ай ішінде аяқталыпты. Онда да актер болып шыққаны шамалы. Кино мен жарнама роликтерге және «Бүлдір-күлдір» деген бағдарламаға түсеміз деген арманы да жетпеген.  

Эльвира Ғалым:

- Балаларды бір жерге кіргізіп ойнатады да, ары қарай шығарып жібереді. Біз осы жерде күтіп отырамыз. Көк тер боп шығады балаларымыз. «Ішке кіргізуге рұқсат жоқ» дейді. Бірақ арасында өзіміз шу көтеріп кіріп, видеоға түсірдік. Балалар осылай отырады. Әр апта сайын үй тапсырмасы, «қыздар мысық боп келіңдер, ұлдар күшік боп келіңдер» дейді. Сонымен менің алты жасар балам «мама, біз қашанғы мысық пен күшік боламыз? Қашан мен ТВ-ға түсем дейді?» дейді. Енді түсірілім күтіп, ғажайып күтіп әлі отырмыз.

«Балаңызды әртіс қыламыз, тележобаға қатыстырып, киноға түсіреміз, былайша айтқанда, ұл-қыздарыңыз экраннан түспейді, деп, өзін медиа-маманбыз деп таныстырған адамдар күні кеше жалға алған орындарын босатыпты. Мұнда барлығы он шақты кабинет. Осы жерде дәріс өткен. Жарнамасы жер жарған киностудияның уәдесі бойынша бастапқыда сабақтар, ал соңғы төрт айда оқушылардың қатысуымен түсірілімдер болуы тиіс еді дейді наразы ата-аналар. Алайда медиа-мектеп қызметкерлері бірді-екілі баламен шектелген. Оның өзінде де ол видео ешқайда шықпады әрі ата-анасына да көрсетілмепті. Жазира Бисенбаева да ұлдарын жетектеп, балалардың жұлдызы жарқырасын деп, 200 мың теңгесін жұмсаған. Енді төленген чекке қарап, қалтасының қағылғанына қапалы.

Жазира Бисенбаева:

- Екеуі екі түрлі уақытта келеді, біреуі 11-де, екіншісі сағат 1-де келеді. Баламыз келіп, ойнапойнап секіріп кетеді. Ешқандай нәтиже жоқ. Фото да, ролик та жоқ. «Тағы шақырамыз» дейді. Бірақ дым жоқ. Бес ай болды, жоқ.

Бір қызығы, төлем бір жерге емес, әр түрлі адамдарға жіберіліп тұрыпты. Оны ата-аналар енді көріп аң-таң. Жалпы елордада осылай «алдандық» деген 40-тан аса ата-ана бар. Ал киностудиядағылар өзіне шаң жуытқан жоқ.Телефон арқылы ғана тілдескен жетекшісінің келтірген уәжі:

- Ақшаны қайтып алайын емес, сіз де жұмыс істейсіз ғой. Қалай ол? Барлық атаанаға ұнап, түсірілімге қатысқан. Бар атаананың «сторисі» бар ол жерде. Мен өзім Астанада тұрмын. Маған ешқандай атаана ақшамды қайтып алайын деген жоқ. Жалға алған ғимаратты төлеу керек, жұмыс тоқтатылды. Сотқа береміз дейді. Білмеймін, ол кісілерге соттасқан ұнайтын шығар. Мен түсінбедім. Барлық бала кестемен түскен, мен сізге мынанша бала түскен деп айта алмаймын.

Бүгінде медиа-мектеп те жабылған. Дегенмен ата-аналар киностудияның қызметкерлері жарнама қағазын мектептерде таратып жүргенін айтып, алданбауға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде