{metadescription}
0:000:00
Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда өлтіріп алды

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда өлтіріп алды

Алматыда полиция қызметкері табель тапаншасымен әріптесіне оқ атты. Ауыр жарақат алған 28 жастағы сержант оқиға орнында жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған.

Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген. Куәгердің айтуынша, тәртіп сақшылары арасында кикілжің болмаған. Таңғы сағат жеті шамасында екеуі ас ішетін бөлмеде әңгімелесіп отырыпты. Сол уақытта біреуі қызмет қаруымен байқаусызда жанында отырған әріптесін атып өлтірген. Қазір «Абайсызда адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама да тағайындалды. ҚР ҚК 104-бабында үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Алматы полиция департаменті бүгін полиция қызметкері қызмет қарумен өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақат салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабымен сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде