Таиландтағы демалысында қызын құтқармақ болған жігіт көз жұмды
Есін сол күйі жия алмады. Таиландтағы демалысында қалыңдығын құтқармақ болған отандасымыздың өзі суға кетіп, кейін ес-түссіз ауруханаға жеткізілген. Қыз аман қалғанымен, дәрігерлер 24 жастағы Артур Ысқақовты ажалдан арашалай алмады.
Автор: Айжан Шамшидин
05.06.2023
«Шомылуға болмайды» деген ескертпе белгі болғанына қарамастан, қазақстандық жұп қауіп-қатерге толы Пхукеттегі Ката жағалауына барған. Селфиге түсіп сауық құрған жастардың ішінде биік толқынның кесірінен бірінші қыз суға бата бастайды. Жігіт оны құтқаруға ұмтылған. Сөйтіп медициналық комаға түскен отандасымыздың жүрегі кеше кешке тоқтаған. Қазір жақындары мен туыстары марқұмның денесін елге алып келу мәселесімен айналысып жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, жол-пұл қаражатын қайғы жұтып отырған тарап өзі көтереді. Бұл Тай елінде орын алған бірінші қайғылы жағдай емес. Тура екі күн бұрын дәл осы аралда тағы бір отандасымыз суға кетіп ажал құшқан. Осыған байланысты сыртқы істер министрлігі демалуға барғанда, сол аймақтың ережесіне қатаң бағынуды сұрайды.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- 1 маусымда Тайланд ауруханасынан хабарлама келді. Азаматтарыңыз ауыр халде жан сақтау бөліміне түсті деген. Айтарым, біздің азаматтарға, бір ақ нәрсе: егер жергілікті билік өкілдері осылай суға түспеу туралы хабарлама берсе, сол ережені сақтау қажет. Себебі, үш маусым күні дәл сол жағажайда суға батып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!