{metadescription}
Субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады – Павлодар
Субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады – Павлодар

Субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады – Павлодар

Субұрқақта тоқ соққан қаршадай қыздың беті бері қарады. Төрт жастағы бүлдіршіннің өміріне еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Айдана Төлеутай, Ақсу ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған қыз балаға түрлі терапиялық ем шаралар жасалды. Жүрегі тексерілді. Денсаулығынан ешқандай патология табылған жоқ. Содан кейін педиатрия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты, денсаулығы жақсарып қалды десе болады. Ешқандай ауырсыну жоқ. Денесінде күйік ізі жоқ.

Оқыс жағдай Павлодар облысында болды. Ақсу қаласының орталығындағы субұрқаққа шомылған төрт жасар  қызды тоқ соққан. Ересектердің рұқсатынсыз өз бетімен демалыс саябағына келген үш балақай  аптап ыстықта салқындап алмақ болған. Сол кезде олардың арасындағы ең кішісін тоқ ұрған. Шенеуніктер барлық электр жүйесі қосылған генератор субұрқақтан жеті метр жерде тұрғанын айтады. Ал оған қалай су тигенін тергеу анықтайды дейді.

Александра Морозова, оқиға куәгері:

- Ересек балалар субұрқақтан айғайлап секіріпсекіріп шығып кетті. Суда кішкентай үш қыз қалып қойды.Ең кішісі тқұбырдың үстінде ес-түзсіз жатты. Мен қолымды созып едім, мені де тоқ соқты. Әйтеуір алып шықтық. Жедел жәрдем шақырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.