Үкімет: Инфляция деңгейін 9 жарым пайызға төмендетеміз
Үкімет жыл соңына дейін инфляция деңгейін қайтсек те 9 жарым пайызға төмендетеміз деп отыр. Дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы әзірге көңіл көншітпесе де, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, қазір инфляция шарықтау шегінен біртіндеп төмендей бастаған.
Автор: Айжан Шамшидин
05.06.2023
Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Инфляция жыл соңына дейін 9,510 пайыз деңгейінде болу керек. Инфляция әрқашан өседі. Біздің мақсатымыз – инфляцияны тұрақты деңгейде ұстап тұру.
Ұлттық банктің де қазіргі бас ауруы – бағаның өсуін тежеу. Ол үшін мейлінше отандық өнім өндіруге баса назар аударылуда. Атап айтқанда, импортты қысқартып, экспорт көлемін барынша арттыру. Десе де сарапшылар ай сайынғы инфляция әзірге жоғарғы дәлізде қатып тұр деп ойын сабақтайды. Мамыр айындағы ақшаның құсыздануы ресми мәлімет бойынша – 15,9 пайыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!