{metadescription}
Әуежай басшылары қызмет көрсету тарифін көтеруді сұрап отыр
Әуежай басшылары қызмет көрсету тарифін көтеруді сұрап отыр

Әуежай басшылары қызмет көрсету тарифін көтеруді сұрап отыр

Елімізде әуе билеті қымбат дегені сол еді, бүкіл қалалардағы әуежай басшылары бүгін шұғыл алғашқы съезд өткізді. Олар көрсететін қызметіне тарифін көтеруді сұрап отыр. Бұл жолаушылардың қалтасына салмақ түсіретінін де жасырмайды.

«13 жыл бұрын бекітілген қызмет құнын ұстап тұру бұдан әрі мүмкін емес» - дейді әуежай басшылары. Мәселен бізде билет құнына 8 доллар әуежай қызметіне қосылса, ал Грузияда 24, Түркия мен Еуропада 25 доллар стратегиялық нысанның қызметін пайдаланғаны үшін билет құнына кіретінін алға тартты. Ал соңғы кездері жанармай құюға аялдайтын ірі шетел  тасымалдаушылары да Қазақстанда керосин бағасы қымбаттап кеткеніне шағымдана бастаған. Бұған әуежайлар мен мұнай зауыттары арасындағы делдалдардың білгенін істеуі себеп дейді жиналғандар.

Бүгін еліміздегі 12 әуежайдың басшылары Алматыда бас қосты. Барлығының бас ауыртар мәселесі – әуежай қызметі тарифінің төмендігі. Олар меморгандар реттейтін баға 10 жылдан астам көтерілмегенін айтады. Содан бері әуе компаниялары жасап берген ескі ережемен келе жатыр екен. Бұл өз кезегінде саланың дамуына да кері әсерін тигізуде дейді. 

Альп Эр Тунга, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті:

- Бұл – жолаушының терминалға өтіп, әуежайдағы барлық қажетін өтейтін тариф. Яғни билет те соған кіреді. Қазір әуе компанияларымен бірлесіп, тарифті кезеңкезеңімен көтеру жүргізілуде. Осы орайда билет бағасы да өсуі мүмкін. Бірақ өзара әуе компаниясы және жолаушылар арасында баяу жүргізіліп таралуы жағын алдыңғы орынға қойып отырмыз.

Алматы әуежайындағы тағы бір шешімін таппай жүрген мәселе –  авиакеросин қымбаттығы. Ұшаққа қажет отынды біздікілер шетелден сатып алуға мәжбүр.

Альп Эр Тунга, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ басшысы:

- 2022 жылдың шілдесінен бастап авиакеросинді тікелей мұнай өңдеу зауыттарынан емес, импорттық көздерден сатып алып жүрміз. Бұл 2030 пайызға қымбат. Сонымен қатар бағасын өзінше тағы да өсіріп қоятын делдалдар бар. Қазақстан географиялық жағынан Шығыс пен Батысты байланыстыратын ыңғайлы транзиттік алаң. Алайда сырттан әкелінетін жанар-жағармайдың қымбаттығына байланысты бұл мүмкіндікті де пайдалана алмай келеміз.

Әуежай басшылары жанар-жағармайды делдалсыз, тікелей сатып алу үшін рұқсат керек дейді. Ол заңнамаға өзгеріс енгізілмейінше, мүмкін емес.  Бұдан бөлек, әуежайларда жарымайтын жалақыдан маман тапшы. Ал айлықтың аздығына сол баяғы тариф төмендігі себеп. Бұл бір ғана Алматыдағы түйткіл емес. Аймақтағы әуежай басшыларының да базынасы көп. Балқаш әуежайының басшысы әуе айлақтарының жаз маусында ғана емес, төрт мезгіл бойына халыққа қызмет көрсетуін қалайды.

 Мейрамбек Мырзахметов, Балқаш әуежайының басшысы:

- Әуежайымыз тек күндізгі болғандықтан, тек күн сәулесі жарық кезде жұмыс істей аламыз. Астана әуежайында бұл ұшақ бізге қазір кешкі уақытта 7-ге қарай 19 уақытында келеді. Егер бір жарым сағатқа, екі сағатқа кешігіп қалса, біздің жолаушылар ары қарай ұша алмайды. Ол әрбір әуекомпания берілетін уақыты бар әуежайға қонып, қайта ұшатын. Сол слотты кішкене қысқарту.

Негізгі мәселенің қатарында әуежай негізгі техникасын жаңартып, жарақтандыру мен барлық терминалын қайта құру бар. Әзірге басты жоспар аталған тарифті біртіндеп көтерту. Бірақ бұған қатысты әуе билеті бағасы қымбаттай ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені жуырда ғана Мәжілісте ішкі рейстер онсыз да қымбат екендігі көтерілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде