Нұржан Әлтаев ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Антикор Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтің қолына кісен салды. Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу құпиялығына байланысты бұдан басқа ақпарат таратқан жоқ.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
07.06.2023
Істі антикор тергеп жатқанына қарағанда, Әлтев вице-министр болған кездегі қызметіне байланысты күдікке ілінуі мүмкін. Әлтаев 2017-2018 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 2018 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. Кейін бұрынғы "Нұр Отан" партиясының атынан Мәжіліске депутат болып сайланды. Жаңа партия құратыны туралы мәлімдемесінен кейін, Әлтаев 2020 жылы депутат мандатынан айырылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!