Сусыз қалған астаналықтардың мәселесіне президент араласты
«Үлкен шуға ұласпасын». Бірнеше күннен бері суға жарымай шөлден шулаған астаналықтардың мәселесіне президент араласты. Тығыз кестесіне қарамастан, бүгін елорда әкімін қабылдаған мемлекет басшысы тек судың ғана емес, қаланың басқа да маңызды жүйелеріндегі түйткілді шұғыл шешуді тапсырды.
Автор: Мерей Қалиасқар
07.06.2023
Судың жайы бас қалада өткен аптадан бері ушығып тұр. Тұрғындар содан бері бірнеше рет наразылық шарасын ұйымдастырып та үлгерді. Бірнеше күннен бері жуынып-шайына алмай шарасыз күйге түскен жұрт, кеше жолды да жауып тастады. Нәжімеденов көшесінің тұрғындарына маңайдағы халық та қосылған. 40 градус ыстықта пәтерлерге су түнде бірнеше сағатқа ғана беріліп жатыр екен. Ал Астана әкімі су тапшылығы жақын арада шешіледі деп уәде беріп келеді. Ол жаңа салынып жатқан қосымша сорғы станциясына байланысты екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!