Министр "Қазақстан Ресейге әскер жібергелі жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қорғаныс министрі "Қазақстан Ресейге әскер жібергелі жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды. "Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамында өзге елдер аумағында еш әскери іс-қимылға қатыспайды, ешқайда бармайды" деп сендірді.
Автор: Мерей Қалиасқар
07.06.2023
Руслан Жақсылықов Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына осылай деп жауап қатты.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Қорғаныс министрі ретінде Қазақстанның қарулы күштері біздің аумақта екенін растаймын. Қандай да бір бітімгерлік миссияны тек БҰҰ арқылы ғана жүргіземіз. ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда бармаймыз. Уайымдамасаңыздар болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!