{metadescription}
Жалған ақпарат таратқан блогер қанша айыппұл төлейді?
Жалған ақпарат таратқан блогер қанша айыппұл төлейді?

Жалған ақпарат таратқан блогер қанша айыппұл төлейді?

Жалған ақпарат таратқан блогерлер қанша айыппұл арқалайды? Бүгін Мәжіліс «Онлайн-платформалар мен жарнамалар туралы» Заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Оны депутаттар дайындаған.

Заңға сәйкес, енді әлеуметтік желідегі жарнаманы айқын көрсету үшін "демеуші контенті" деп анық белгіленуге тиіс. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Заң жобасы блогерлер мен инфлюенсерлерден осыны талап етеді. Жарнаманың сан-алуан түрін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығы да ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жылдың аяғында келетін Салық кодексіне енгізілуге тиіс дейді депутат Айдос Сарым. Сондай-ақ енді әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарататындарға да қомақты айыппұл салынады.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

- Басты мәселенің бірі – «жалған ақпарат» деген ұғымды енгізіп отырмыз. Адам қасақана емес, бір қателесіп кетсе немесе басқа да жағдай болса, таралған ақпараты көп зиян тигізбесе, онда 20 айлық есептік көрсеткішке айыппұл төлеу деген мәселе бар. Ал егер ол қайталанатын болса, ол екі еселенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.