ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады
ЮНЕСКО-ның бас директоры бүгін Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады. Одрэ Азуле Астанада өтетін халықаралық форумға қатысуға келген. Ал оған дейін Түркістан қаласын аралауды жөн көрген екен.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
07.06.2023
Орта ғасырдың сәулет жауһары саналатын тарихи нысан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Тарихи нысанға туристердің келуіне қолайлы жағдай жасалғанын да айтты. Көне сәулет ғимаратын көрген Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтау үшін қабылдаған шаралары жөнінде хабардар болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!