{metadescription}
Павлодар жұрты аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды
Павлодар жұрты аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды

Павлодар жұрты аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды

Аптап ыстықта аңқасы кепкен жұрт жаратқаннан жалбарынып жаңбыр тілеп жатыр. Бүгін Павлодарда тасаттық беріліп, құрбан шалынды. «Құлагер» ипподромында өткен жоралғыға 500-ге жуық адам жиналған.

Күн ысып, құрғақшылық болғанда тасаттық беріп жауын тілеу бұрыннан бар жоралғы. Бірнеше күннен бері ыстыққа шыдамаған Павлодар халқы ипподромға жиналып құрбан шалды. Бұл рәсім Кереку өңіріндегі бүкіл елдімекендерде өткізілген. Жиналған қауым шариғат талабына сай тасаттық намазын оқып, аспаннан жаңбыр тіледі.

Жолдас Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы:

- Шариғаттағы болған ұғым Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес Мұстахап амалына жатады. Екі ракат жаңбыр сұрайтын намазды оқу. Ең бірінші, құрмалдық шаламыз да, намаз оқимыз. Сондықтан бұл амал, былайша айтқанда, сауап және жақсы жұмыс қатарына жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде