{metadescription}
Алтай Көлгінов: Әкім ретінде адал жұмыс істедім ...
Алтай Көлгінов: Әкім ретінде адал жұмыс істедім ...

Алтай Көлгінов: Әкім ретінде адал жұмыс істедім ...

Сол жағалауда ауыс-түйіс. Алтай Көлгінов бүгін премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды. Күні кеше ғана ол Астана форумына келген мәртебелі меймандарды әуежайдан күтіп алып жүр еді.

45 жастағы Көлгінов бұл қызметте жарты жылдан артық отырған жоқ. Вице-премьер деген аты болмаса, талайдан бері Астананың проблемаларымен қоса аталатын Көлгіновтың есімін елордалықтар жуық арада ұмыта қоймайтын сыңайлы. Енді оның қызметін еңбек министрі қоса атқаратын болады.

Алтай Көлгіновтің Астана әкімі лауазымынан кеткеніне жарты жылдан астам уақыт өтті. Бірақ бас қаланың жұртын қандай да бір мәселе алаңдатқанда қазіргі әкім Жеңіс Қасымбектен бұрын Алтай Көлгіновті еске алады. Кейін жұмыс орнын Үкімет үйіне ауыстырғанымен, соңғы үш-төрт ай көлемінде кулуарда тіптен жиі кідіруге мәжбүр. Себебі: Астанадағы тұрғын үйлер апталап сусыз отыр. Қалың қараша бұған бұрынғы әкім кінәлі деп есептейді. Ал Көлгінов мұндай уәжбен келіскен емес.

Алтай Көлгінов, ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары:

- Мен әкім ретінде тұрғындардың игілігіне әріптестеріммен бірге адал жұмыс істедім. Сол уақытта атқарған жұмысымнан ұялмаймын.

Судың жайына кеше тіпті президенттің өзі араласуына тура келді. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, екі кештің ортасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбекті Ақордаға шақыртты. Ал бүгін таңертең Алтай Көлгіновты премьер-министрдің орынбасары лауазымынан алып тастады. Сәйкестік пе? Сарапшылардың ойы әртүрлі. 

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

- Түрлі пікір айтуға болады, әртүрлі нұсқа айтуға болады. Менің ойымша, біріншіден, қоғамда резонанс тудырып отырған мәселе болғандықтан, президенттің осындай шұғыл шешім қабылдауына алып келуі мүмкін. Яғни су мәселесі, министрлік пен ақорда отырған астананың өзінде осындай резонанс тудырып отырған болса, мәселені қалайша шешесіздер деген. Әрине, репутацияға зардап әкелуі мүмкін.

Көлгінов сақалды құрылыс проблемасын біржақты еткен әкім ретінде де елордалықтардың есінде қалды. Оның кезінде тірнектеп тапқанын тұрғын үйге салып, тентіреген 16 мың үлескердің 13 мыңы өз пәтеріне қол жеткізген екен. Ал премьер-министр орынбасарының креслосы ұзақ бос тұрған жоқ. Бұдан былай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қос қызметті қатар алып жүретін болады.

Алтай Көлгіновтың мансабы туралы сөз қозғауға әлі ерте дейді сарапшылар. Себебі, 45 жастағы шенеуніктің жуық арада жаңа қызметке тағайындала қоюы екіталай. Дегенмен отставкадан кейін араға бірнеше жыл салып саясатқа оралғандар жетерлік. Соның бірі – бүгін ғана су жаңа қызметке тағайындалған Тамара Дүйсенова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде