{metadescription}
Ақтауда төтенше жағдай –  Каспий тартылып, су жетпей жатыр
Ақтауда төтенше жағдай –  Каспий тартылып, су жетпей жатыр

Ақтауда төтенше жағдай – Каспий тартылып, су жетпей жатыр

Ақтауда төтенше жағдай жарияланды. Каспий теңізінің тартылуына байланысты жергілікті әкімдік осындай шара қолдануға мәжбүр. Себебі теңіз таязданып, қала тұрғындарына ауыз су жетпей жатыр.

Каспий суын тұшытатын Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы құрылғылардың тозуы да су тапшылығын тудырып отыр. Қазір қалада су тең мөлшермен таңертең және кешкі уақытта ғана беріледі.

Қарыштап дамыған қала, тозығы жеткен құрылғылар, су сұраған халық. Ақтаудағы қазіргі ахуал осындай. Соңғы екі-үш жылда орын алған су тапшылығы тіпті төтенше жағдай жариялауға мәжбүрледі. Бұрын құбырлардың ескіруін сылтау қылатын шенділер енді Каспий теңізінің тартылуын алға тартып отыр.

Алайда жергілікті тұрғындардың мұндай болжамға сенгісі жоқ. Ақтаудың қақ ортасындағы тұрғын үйде тұратын Фарид Қинаятов ауыз су жетіспеушілігінен шай ішуіміз мұң болды дейді. Бесінші қабатта тұратын кірдің өзін жинап жуатын болдық деп отыр.

Фарид Қинаятов:

- Ауыз сусыз, техникалық сусыз апталап отырмыз. Бұл жылданжылға артып жатқан мәселе. Қиындық көбейіп жатыр. Балаларымызды мектепке, балабақшаға жібере алмай жатырмыз. Тіпті үйдегі кіріміз жуылмай қалды.

Ал әкімдіктегілер төтенше жағдай жариялау тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамы дейді.

Имаммахмұт Шағырбаев, Ақтау әкімінің орынбасары:

- Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Оның себебі «Маэк» ЖШС тарапынан түскен өтініш болатын. Теңіздің тартылуына байланысты ТЭЦ-2 барып тұрған арна сол жаққа судың тиісті көлемде келмеу қаупі бар. Төтенше жағдайдың мақсаты – болашақта болатын төтенше жағдайдың алдын алу. Яғни ескерту жұмысын жүргізу.

Ал комбинаттағылар тұрғындарды ауыз сумен және электрмен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылатынын айтады. Бірақ су тұшытатын құрылғылардың 80 пайызы тозған. Оны ауыстыруға арнайы қаражат бөлінген. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жасалады дейді.

Аян Үйкекбаев, «МАЭК» ЖШС директорының орынбасары:

- Бүгінде «Маэк» мекемесі халықты сумен қамту және электр энергиясымен қамту үшін штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тәуілігіне 51-52 мың текше метр су өндіреді. Комбинаттағы барлық құрылғы жұмыс істеп тұр.

Суға жауаптылар тұщытылатын су қоры қалыпты мөлшерден азайып бара жатыр дейді. Алайда шенеуніктер бұл мәселені «шешуге тырысамыз» деп отыр. Өйткені Маңғыстау облысын таза сумен қамтуға 2025 жылға дейін 7 жоба жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде