{metadescription}
Бұқтырма су қоймасында мұнай өнімдері қалқып жүр
Бұқтырма су қоймасында мұнай өнімдері қалқып жүр

Бұқтырма су қоймасында мұнай өнімдері қалқып жүр

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында мұнай қалдығы пайда болды. Әр жерде көрінетін қара дақтар бірнеше шақырымға созылған. Қазір арнайы құрылған комиссия қара майдың қайдан төгілгенін анықтап жатыр.

Бұқтырма су қоймасының бір бөлігі демалыс орталығы есебінде қолданылады. Қазір бұл жерде демалушылар көп. Бірақ шомылуға келгендер қара дақты көріп алаңдауда. Өйткені судың бетінде мұнай өнімдері қалқып жүр. Оқиға орнына шұғыл жеткен экологтар тексеруге кірісті. Болжам бойынша, су көліктерінің бірінен жанармай төгілуі мүмкін. Бұл іс бойынша арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында бірнеше сала өкілдері бар. Ал қазір суды тазарту басталып кеткен. Сондай-ақ суды ластағандар да іздестіріліп жатыр.

Рауан Тұраров, ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары:

- Демалыс базасының жағалауында мұнай қалдығы немесе мұнай өнімдерімен ластанған су айдыны анықталып, ол 50 мың шаршы метр ауданды құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде