{metadescription}
Петропавлда дауылдан қираған дүние қалпына келтіріліп жатыр
Петропавлда дауылдан қираған дүние қалпына келтіріліп жатыр

Петропавлда дауылдан қираған дүние қалпына келтіріліп жатыр

Петропавлдың коммуналдық қызметі дүлей дауыл ойрандап кеткен көшені қалпына келтіріп жатыр. Автокөлік жолына күшті жел сұлатып кеткен алып бәйтеректерді жинап, шатырынан аққан суды тазартуға кіріскен.

Табиғаттың тосын мінезінен 9 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалған. Бұл жұмыс әлі толық аяқталған жоқ.

Апталаған аптап ыстықтан кейін Петропавлда қатты жел тұрып, нөсер құйды. Жел жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетсе,  төпелеп жауған жауыннан көшеде адам түгілі, көлік жүре алмай қалған. Небәрі 16 минутта төгіп өткен нөсерден 18 миллиметр ылғалданған. Жауын кезінде бірнеше көпқабатты үйдің шатырынан су сорғалаған. Ал автокөлік жолына түп-тамырымен сұлап түскен ағаштарды коммуналдық қызмет түнімен жинастырыпты. Электр желілеріндегі үзілген сым мен басқа да ақауды мамандар тәулік бойы жөндеп жатыр. Қазір мыңдаған абонент жарықсыз отыр.

Анатолий Казановский, «Северо-Казахстанская» РЭК АҚ бас директоры:

- Қазір бірді екілі шағым қалды. Тұрғын үйлерге келетін электр бағаналарының сымын жалғап жатырмыз. Бригадалар үзіліссіз жұмыс істеуде. Біз осындай ауа райы болуы мүмкін деген болжамға дайын болдық. Өйткені  күн тым қатты ысып кетті. Үлгеріп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде