{metadescription}
Қонаев қаласында балаларға арналған паралимпиада басталды
Қонаев қаласында балаларға арналған паралимпиада басталды

Қонаев қаласында балаларға арналған паралимпиада басталды

Қонаев қаласында балаларға арналған паралимпиада жарысының жалауы желбіреді. Дүбірлі додаға көру мен есту қабілеті нашар және діл өзгерісі бар 180 бала қатысты. Бұл жолғы жарыс ерекше.

Себебі: мамандар ұмыт қалған спорт түрлерін енгізген. Сайысты жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырып келеді.

Әсем Әлжанқызы Түркістан облысынан  келген биші қыз. Ол бес жасынан бастап билейтін қыз талай жарыста топ жарған. Бүгінгі сайысқа «Мен мұндамын» және «Арыстан» жұптық биін дайындаған. Әсем осындай жарыстардан шабыт алып, мүлдем қобалжымайды.  

Әсем Әлжанқызы:

- Маған ешқандай қиындық жоқ, биге үйреніп қалғанмын. Маған бәрі ұнады. Ислам деген баламен жұп болып қатыстым. Шымкентке бардық, ол жақта фестиваль болды. Вальспен алып шықтық, жүлде алдық.

Жарысқа Қазақстанның сегіз аймағынан өнерпаздар жүзу, волейбол, жұптасып билеу, тоғызқұмалақ ойындарында сынға түсті. Паралимпиаданы 6 маусымға ұйымдастырғандар ұлдарға асық ату, ал қыздарға «Бестас» ойынын қосқан. Жаттықтырушылар балаларды ұлттық ойындарды дәріптеуге шақырғымыз келеді дейді.

Саян Қыстаубаев, Асық ату спортының жаттықтырушысы:

- Бүгінгі ойын жақсы өтті. Қазақтың ұлттық ойындары ұмытылып барады, соны дәріптеп, әр облыста, қалада ұйымдастырамыз. Жарыс көп болса жақсы. Балалардың барлығы жақсы.

Ерекше балаларға арналған бұл жобаны Ұлттық дельфий комитеті 2017 жылы қолға алған. Содан бері паралимпиадашылар әр жылды асыға күтеді.  Жарыс біткеннен кейін мамандар түрлі ойын өткізіп, балаларға ерекше қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар паралимпиадалық жарыс мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеп, денесінің жақсы жетілуіне сеп болатынын айтады.

Құралай Түсіпбекова, Ұлттық дельфий комитетінің төрайымы:

- Жаңа ғана волейбол сайысы аяқталды. Сосын балалармен холи бояуларымен бірбірімізбен атысып тұрған түріміз. Негізі, ерекше балаларға осындай жобалар жетіспейді. Алты жыл бұрын серіктестерімізге ұсынып, осы жобаны қолдады.

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, кеш мерекелік концертке ұласты. Озық шыққандар ғана емес, жарысқа қатысқан әр балаға медаль, кубок пен спорт тауарын сатып алуға арналған сертификат табысталды. Алты жыл ішінде паралимпиадалық жарысқа еліміздің 13 өңірінен 950 жас спортшы қатысқан. Олардың ең мықтысы әлем деңгейінде жүлдеге қол жеткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде