Өрт аумағы бастапқыда қате есептелген - Абай облысы
Дер кезінде қағылмаған дабыл! Абай облысындағы өрттің аумағын бастапқыда орманшылар қате есептеген дейді төтенше жағдайлар министрі.
Автор: Айғаным Достанбай
09.06.2023
Юрий Ильиннің айтуынша, Орман шаруашылығы комитетіндегілер әуелде қызыл жалын үш гектар аумақты шарпыды деп хабар таратқан. Ал аз ғана уақытта тілсіз жау жүздеген гектарға жайылып үлгеріпті.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Кеше біз түскі 12 шамасында Орман шаруашылығы комитетінен алғашқы хабарламаны алдық. Орман өртіне жауапкершілік, қызыл жалынның тұтанған аумағын алғашқы болып анықтау, бағалау, сосын бізге жеткізу түгелдей экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы комитетіне жүктелген. Бастапқы кездегі ақпарат бойынша, өрт ауданы 3 гектардан аз болды. Іле-шала 100 гектарға дейін күрт өсіп кетті. Өрт аумағына бастапқыда қате баға берілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!