Астанық әйел баласымен биік қабаттан құлады
Астанада жас келіншек баласымен бірге 12-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Сұмдық жағдай бүгін түс ауа сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Әйел адам оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Ал бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, ол да көп ұзамай бақилық болған. Полиция тергеуді бастады. Істің жай-жапсары әзірге белгісіз.
Автор: Айғаным Достанбай
09.06.2023
- Ағымдағы жылдың 9 маусымында сағат 14:19-да 102 нөміріне Сығанақ көшесінде 12-ші қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы қоңырау келіп түсті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал бала ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем шақыртқан. Сол мезетте туысқандарынан сыртқа ешкімнің шықпағанына қарағанда, үйде анасы мен баласы жалғыз болған сияқты. Тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған балабақша тәрбиешісі анасы мен баласының жоғарғы қабаттан құлап бара жатқан сәтін өз көзімен көрген.
Әйгерім Хамзина, оқиға куәгері:
- Біз әріптестерімізбен сабаққа дайындалып жатқанбыз. Ал мен қолыма кішкентай баламды көтеріп, терезеге қарап тұрғанмын. Жоғарғы қабаттан ауыр зат құлап бара жатқандай көрінді. Адам емес шығар деп ойладым. Есіктің алдына барып жақындағанда әйел адамды көрдік. Жалғыз емес. Қасында баласы болды. Қыз баланың жасы шамамен екі жаста.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!