{metadescription}
Air Astana әуе компаниясына 6 млрд 700 млн теңге айыппұл салынды
Air Astana әуе компаниясына 6 млрд 700 млн теңге айыппұл салынды

Air Astana әуе компаниясына 6 млрд 700 млн теңге айыппұл салынды

Жолаушылардың сансыз сын-уәжі ескерілген. Билет бағасын негізсіз көтергені үшін Air Astana әуе компаниясына 6 млрд 700 млн теңге айыппұл салынды. Тек компания басшылығы соттың мұндай шешімімен келіспей, шағым жазатынын жеткізді.

Арыз-шағым көбейген соң, Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен көлік прокуратурасы тексеріс жүргізіп, компанияның нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғанын анықтапты. "Air Astana әр билет құнына жанармай алымын қосып отырған дейді құзырлы орган. Істі қараған Алматының ауданаралық соты әуе компаниясына қомақты айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ. Air Astana рейстерді кешіктергені үшін де былтыр бірнеше рет айыппұл арқалаған болатын.   

Нұрхан Оразов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, тергеп-тексеру департаментінің бас консультанты:

- Жанармай алымының мөлшері әр билеттен орта есеппен 5 мың теңгені құраған. Жанармай алымы  әуе компаниясының авиация жанармайына жұмсалатын ықтимал шығыны, ол билетті сату кезінде ескерілмеу керек. Сонымен қатар тексеруде әуе компаниясының ай сайын авиажанармай бойынша келісімшарт жасайтыны, яғни баға мен көлемі туралы алдын ала білетіні анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде