{metadescription}
Ақтөбе облысының шұрық-тесік жолдары ашу туғызып жатыр
Ақтөбе облысының шұрық-тесік жолдары ашу туғызып жатыр

Ақтөбе облысының шұрық-тесік жолдары ашу туғызып жатыр

Ақтөбе облысының шұрық-тесік жолына өзге өңірдің жүргізушілері ашуланып отыр. Алматыдан жолға шыққандардың бірі трасса бойындағы осыншама шұңқырды "ешбір өңірде көрмедім" деп, таң қалып бейнеролик те түсірген.

Облыс әкіміне сәлемін жолдауды да ұмытпапты.Бұл анау-мынау емес, Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізіне кіретін Қарабұтақ ауылы мен Ақтөбенің арасындағы жол. Күніне жүздеген көлік осы трассамен қатынайды. Бірақ ешбірінің жүрісі жолдағы ой-шұңқырдан өнген емес. Соңғы рет 18 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген. Одан бері тек жамаумен келеді. Бірер күнде шұңқырларды қайта жамауға кіріседі. Төрт жолақты жол салуға жоба әзірленген. Оның нақты қашан басталары әзір белгісіз. Осы жолға жауапты мекеме өклідері де күн сайын ондаған адам осы жолдың жайын айтып арызданады деп отыр.

Айбол Данағұл, «Қазавтожол» ҰК Ақтөбе облысы филиалының директоры:

- Арыз-шағым көп түсіп жатыр. Себебі: жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз. Шұңқырды жамау мүмкін емес жерлер бар. Көбірек бұзылған жерлер жол жамылғысының, ол жерлерде жол фрезалар кесіп, асфальт алатынмен тегістеу қабатын, асфальт жамылғысын салу жұмысын жүргіземіз. Жұмыс ертең  басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде