{metadescription}
Форум: Әзірбайжан, Қырғызстан, Франция, Катар ынтымақтастығы
Форум: Әзірбайжан, Қырғызстан, Франция, Катар ынтымақтастығы

Форум: Әзірбайжан, Қырғызстан, Франция, Катар ынтымақтастығы

Астана форумында жаһандық мәселелерді жоюға бағытталған бірқатар шешім айтылды. Алқалы жиынның екінші күнінде отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру мен экономика және дезинформация тақырыбында тұшымды ойлары ортаға салынды.

Соңғы 20 жылда климаттың өзгеруі мен азық-түлік тапшылығы да күн тәртібінен түскен емес. Астана форумында да қызу пікірсайысқа арқау болды. Шетелден келген қонақтар жиынға жоғары бағасын беріп, сарапшыларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Бірегей шара Орталық Азияның әлемдегі рөлін анықтауға септігін тигізіп, бұл аймақтың маңыздылығын одан сайын артыра түсетіні сөзсіз деп отыр олар. Қазақстанға сеніммен қарап, басты салаларына серпін беруге бірқатар елдер инвестиция құюға ниетті. Қазірдің өзінде Әзірбайжан, Қырғызстан, Франция мен Катардан келген ресми өкілдер өзара ынтамақтастықты дамыту бойынша келісімге келді.

Мұхаммед Рашид Маанину, Марокконың Қазақстандағы елшісі:

- Форумда осыншалықты адамды және шет елдердің көшбасшыларын көремін деп ойламадым. Қазақстан Орта Азияда басым салада беделді орынға ие мемлекет. Бүгінгі басқосулар нәтижелі болады деген ойдамын. Марокко электр энергиясының 35 пайызын күн мен жел арқылы алады. Он жыл ішінде бұл көрсеткіш едәуір өзгереді. Қазір Қазақстан да бұл жолда ақырындап дамып келеді. Салаға әлі де біршама инвестиция тартылса, жағдай тіптен жақсарады деген сенім бар.

Уильям Блейн Ричардсон, саясаттанушы (АҚШ):

- Жалған ақпаратпен күрес әлі талай жалғасады. Ол атом бомбысы сияқты алып күшке ие. Фейк жаңалықтардың салдарынан елдер арасында соғыс болғанын да көрдік. Бүгінгі әлеуметтік желілер ол жандарға таптырмас орын. Олардың алдын алу үшін қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін анықтап беретін платформалар жүйелі жұмыс істеуі керек. Сіздің елде бұл бағытта біршама жобалар ойластырылып жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.