{metadescription}
Шымкентте көпқабатты алты үйдің тұрғындары шу шығарды
Шымкентте көпқабатты алты үйдің тұрғындары шу шығарды

Шымкентте көпқабатты алты үйдің тұрғындары шу шығарды

Шымкентте көпқабатты алты үйдің тұрғындары су, жарық пен ыстық суға артық ақша төлеп жатырмыз деп шу шығарды. Осы Шым сити шағын ауданындағы үйлерге әлеуметтік осал топ былтыр қоныстанып, содан бері коммуналдық ақыны құрылыс компаниясына төлеп келген. Мердігер түбіртекке адам шошырлық соманы жазып, оған қарсыласқан үйдің суын өшіреді деп отыр.

Шымсити шағын ауданындағы алты үй кезекте тұрған мүгедектер, көпбалалы отбасылар мен жарымжан жандарға былтыр желтоқсан айынан бастап беріле бастаған. Ал коммуналдық төлемді тұрғындар жекеменшік құрылыс компаниясы тағайындаған бір адамның есепшотына аударады. Бірақ есептегіш құралы жоқ үйлерде аспаннан алынған сандар келеді деп отыр.

Мөлдір Нұрмаханова:

- Жалпы бізде комуналдық қызметтің өзіне айына суық, ыстық су, жарық, газ, жылуды  қосқан кезде 40-45 мыңдай кетеді. Жалдауға 18 мың 200 теңге төлейміз. Суымыз бар, 10 мың теңге. Ал енді алты жыл тұрып, күтіп аласыз бұл үйді, сөйтесіз де, айына 45 мың шығыныңыз бар, ас-судан бөлек. Ал сонда пәтер жалдап тұрған тиімді. 


Тарифті өзі қоятын компания өкілдері жұрттың төлем жасағаны туралы түбіртек те, ешқандай есебін де бермейді екен. "Миллиондап қарызсыңдар" деген олар қит етсе, су мен жарықты өшіреді дейді наразы жұрт.

Нұргүл Кенжеғалиева:

 - Ай сайын бүкіл тұрғын төлеп жатыр. Бірақ олардың қарызы бітпейді. Бізге түсіндіргені, әлі мемлекетке өтпеген дейді. Бұлардың өзара проблемасына біздің не қатысымыз бар? Тоғыз миллион қарыз әкеп тұр. Ал  бұл жақтағы халықтың бәрі көпбалалы, мүгедек жандар. Олар 9 миллионды қайдан тауып береді?

Құрылыс компаниясының елден коммуналдық төлемді жинап жүрген өкілінен бұл жолы есеп сұралған еді. Бірақ "айтуға міндетті емеспін" деген онымен тұрғындар шекісіп қалды.

Тұрғындар шулап, жолды жаппақ болған сәтте жауаптылар келе қалды. Сөйтсе былтыр тапсырылған үйлердің коммуналдық жүйесі жекеменшікте қалып кеткеніне құрылыс компаниясы мен коммуналдық мекемелер арасындағы құжаттардың дұрыс болмауы себеп екен.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- "Дәмдес" компаниясы қазір біздің энергоағынына құжаттарын тапсырдық деп айтып жатыр. Ертең осы жерге Энергоағынның абонент бөлімнің мамандарын алып келеміз, осы жерде әр пәтерде өз жеке отын аштырамыз. Суық су бойынша да, кәріз жүйесі бойынша да, су ресурс маркетингінің абонент адамдарын әкеліп, оларға да әр пәтерге жеке шот аштырамыз. 

Жекеменшікте қалып кеткен 400-ден астам пәтерге жеке есепшот ашу жұмысы бас-аяғы бір айда толық бітеді деп отыр. Осыдан соң тұрғындар қолдан жасалып жатқан коммуналдық қымбатшылықтан құтылуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде