{metadescription}
Алматыда қураған ағаштар қауіп төндіруде
Алматыда қураған ағаштар қауіп төндіруде

Алматыда қураған ағаштар қауіп төндіруде

Алматыда 84 мыңнан астам ағаш қурап тұр. Өзегі шіріп кеткен тал-теректер біртіндеп құлап жатыр. Екі күн бұрын орталық мәдениет және демалыс саябағында шаған ағашының үлкен бұтағы дәмхананың үстіне құлап, жазғы алаңның жартысы қираған болатын.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, кафе ішіндегі адамдар дер кезінде шығып үлгерген. Әкімдік қаладағы шіріген ағаштардың көзін қашан құртады?

Оқыс оқиға орталық мәдениет және демалыс саябағында екі күн бұрын болған. Алып ағаштың бұтағы морт сынып, жазғы кафенің үстіне гүрс етіп құлаған. Салдарынан дәмхананың жартысы опырылып түсті.

Райымбек қас-қағым сәтте болған жайтты өз көзімен көріпті. Саябақта жұмыс істейтін жігіт төбеден қауіп төнгенін байқап, кафе ішінде алаңсыз отырған адамдарға айтып үлгерген. Жартылай сынған бұтақтың жарты минут салбырап тұрғаны қарашаның дер кезінде қашып шығуына септігін тигізді дейді.

Райымбек Жауымбай:

- Жұмыс отырғанбыз бір кезде ағаш шытынағанын көрдік, дауысы шыға бастады, шақыр-шұқыр етіп. Одан кейін барып кішкене құлады да, 30 секундтай тұрды, ана жерде құламай. Бәріміз айғайлай бастадық. Іштегілер қашып үлгерді. Ағаш құлады. Барлығымыз барып астын көрдік. Ешкім жоқ. Бәрі таза болды.

Дәмхананың қираған бөлігі қазір қоршалған. Ағаштың кесірінен "шығынға баттым" деген кәсіпкер шағымын камераға айтқысы жоқ. Ал саябақтың әкімшілігі сұхбат беруге құлықсыз. Әкімдіктегілер аумағындағы жасыл-желекті күтіп-баптамаған жердің иесіне ескерту жасалғанын жеткізді.

Нұркен Ақмырза, Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының маманы:

- Ағаштың жағдайы қанағаттанарлық. Ағаш «Алтын Тараз» ЖШС тиесілі аумақты өсіп тұр. Алматы қаласының жасыл желегін күтіп-баптау және қорғау ережелеріне сәйкес, жер иесі өзіне тиесілі аумақта өсіп тұрған ағаштар мен жасыл желекті күтіп-баптауға, сондай-ақ санитарлық кесу жұмысын жүргізуге міндетті. Басқарма тарапынан жер иесіне санитарлық кесу жұмысын жүргізу туралы нұсқау берілді.

Алматыда ғұмыры ғасырдан асқан тал-теректерден тұрғындардың зәре-құты қашады. Өйткені сұрықсыз күйге түсіп, шіріп жатқан жасыл-желектер кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін. Жалпы қалада 84 мыңнан астам ағаш апатты деп танылған. Атқамінерлер алдағы бес жылда жарамсыз ағаштардың барлығын түп-тамырымен кесіп, орнына 840 мың жас көшет отырғызуды жоспарлаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде