{metadescription}
Түн ортасында сайран салған Сайран ұсталды
Түн ортасында сайран салған Сайран ұсталды

Түн ортасында сайран салған Сайран ұсталды

Ақтөбеде түн жарымында сайран салған 19 жастағы Сайран есімді жігіт ұсталды. Ол қаланың қақ ортасында қарсы жолға шығып, жылдамдықты шектен тыс асырған.

Жас жігіттің бассыздығын қасындағы жолдастары таспаға түсіріпті. Жылдамдықты сағатына 170 шақырымнан асырғаны анық байқалады. Ол роликті кейін мақтанышпен әлеуметтік желіге салған. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жігіттің кім екенін дереу анықтап, 241 мың теңге айыппұл салды. Енді өзінің де, өзге жүргізушілердің де өміріне қауіп төндіргені үшін кешірім сұрап тұр.

- Кеше болған оқиға үшін Ақтөбе қаласынан кешірім сұраймын және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Енді келесіде ондай қайталанбайды. Жігіт сөзімді беремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде