{metadescription}
Елімізде жілік майының доноры тапшы
Елімізде жілік майының доноры тапшы

Елімізде жілік майының доноры тапшы

Елімізде жілік майының доноры тапшы. Гемопоэздік жасушалардың трансплантациясына 300-ден астам адам мұқтаж. Оның тең жартысы бала. Қауіпті дертке шалдыққан бүлдіршіндерге донор болып, көмек қолын созатын жандар өте аз. Сондықтан, бес жылда бар болғаны 8 адам ғана жілік майын ауыстырған.

Майра Қабақованың 3 жастағы немересіне нейролейкоз диагнозы қойылған. Ақ қан ауруына шалдыққан бүлдіршін қазір химиотерапия қабылдап жүр. Бірақ одан сауығып кетеді дегенге жақындары сенбейді. Сол себепті жілік майының трансплантациясын жасау үшін донор іздеп жүр.  

Майра Қабақова:

- Донорлықты күтіп жатыр. Сүйектің кемігін жаңа басқа адамның, сау адамның сүйек кемігі керек. Сол үшін мен барлық адамдарға, қазақстандықтарға қолұшын беру, көмегіңізді тигізіп, осы донорлыққа түсіп, осы базаға қандарыңызды тапсырсаңыздар. Ешқандай пункция, операция істелінбейді.

Майра Қабақова сияқты елімізде донор күтіп жүрген 300 адам бар. Кезектің жылдам жылжи қою да екіталай. Өйткені, донор болуға келісетіндер жоқтың қасы. Ал негізі бұл қауіпті емес деп сендіреді мамандар.

Сания Абдрахманова, «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының » басқарма төрайымы:

- Неліктен адамдар бас тартады? Кейде олар уақыттарын босқа өткізгісі келмейді. Кейде стереотиптер және біз әрқашан жоюға тырысатын кейбір қорқыныштар оларда туындайды. Өйткені бүгінде дүние жүзінде миллиондаған трансплантация жасалып жатыр. Алайда оның науқас үшін де, донор үшін де мүлдем қауіпі жоқ.

Ең бірінші науқасқа донор ретінде туған туыстары көмек бере алады. Егер олардың арасынан табылмаса, еліміздегі Ұлттық донорлар тіркелімінен іздестіріледі. Оған 18 бен 45 жас аралығындағы, дені сау кез-келген адам тіркеліп, донор бола алады. Тек қан тапсыру орталығына барып, арнайы тексерістен өтсе болғаны.

Ерғали Сәрсекбаев, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» бөлім меңгерушісі:

 - Трансплантациялауды қажет ететін кез келген адам жан-жақты тексеріледі. Барлығы сәйкес келуі тиіс. Осыдан кейін ғана туыстық донорлардың бар-жоғы анықталады. 25 пайыз жағдайда бізде үйлесімді донорды табуға мүмкіндік бар. Туысы жоқ донорларға Ұлттық тізімнен іздеу жүргізіледі.

Кез келген донорлық сияқты, жілік майын бергісі келетін адамның да денсаулығында еш кінәрат болмауы тиіс. Сондықтан мамандар дені сау, жаман әдетке әуес емес жастарды донор болуға шақырып отыр. Сіздің азғантай ғана көмегіңіз, бірталай жанды ажалдан арашалап қалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде