1991 жылдан бері аза тұту күні 12 рет жарияланып отыр
Бүгін Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандарды аза тұту күні. Қабырғасы қайысқан қазақ елі 14 үзілген өмір, қайғы жұтқан 14 отбасымен бірге оларды еске алып, көңіл айтады. Қаралы күнге байланысты ел астанасындағы мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан ең үлкен ту төмен түсірілді.
Автор: Айжан Шамшидин
12.06.2023
Көк байрағымыз елдегі барлық мемлекеттік мекемелерде 24 сағат бойы жартылай түсіп тұрады. Елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері аза тұту күні 12 рет жарияланып отыр. Өкінішке қарай, басымыздан түрлі қайғылы оқиғаларды өткердік. Табиғи апат, шахтадағы жарылыстар, әуе кемелерінің апаттары, індет және терактілер болды. Соңғы рет қазақ халқы былтыр қаралы Қаңтар құрбандарын еске алып аза тұтқан еді. Бүгін ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылды. Жоспарланған мәдени шаралар да кейінге шегерілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!