{metadescription}
Абай облысында өрт сөндіруге шыққан тракторшы іздестіріліп жатыр
Абай облысында өрт сөндіруге шыққан тракторшы іздестіріліп жатыр

Абай облысында өрт сөндіруге шыққан тракторшы іздестіріліп жатыр

Көмек қолын созамын деп, ізім-ғайым жоқ болған. Абай облысында алапат өртті сөндіруге шыққан тракторшы екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Оның не өлі, не тірі екені әлі беймәлім.

36 жастағы Сергей Архипов үйінен 10 маусымда шығыпты. Қызыл жалынды өшіруге көмектесу үшін Қаштақ ауылына бет алған. Сол кеткеннен хабар жоқ. Оны қазір жер-көктен іздеп жатыр. Полицейлер Сергейді көрген-білген жан болса, дереу 102-ге қоңырау шалып, ақпарат беруін сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде