{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлына прокурор 9 жылға жаза кесуді сұрады
Арыстанбек Мұхамедиұлына прокурор 9 жылға жаза кесуді сұрады

Арыстанбек Мұхамедиұлына прокурор 9 жылға жаза кесуді сұрады

Тоғыз жылға бас бостандығынан айырылсын. Прокурор экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына осынша жыл жаза кесуді сұрады. Бүгін Астанадағы №2 Байқоңыр ауданы сотында атышулы іс бойынша жарыссөз өтті.

Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлы ҚР ҚК –бабымен кінәлі деген айыптау қорытындысын оқыды.  Біріншісі – қылмысты ұйымдастыру, екіншісі – сеніп тапсырылған бөтен бүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу. Сайып келгенде осы баптармен кінәлі деп танып, 9 жылға жаза арқалауын және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұрады.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын антикор былтыр мамырда қамауға алған. Тергеу бір жылға созылды. Тергеу мәліметінше, біраз жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының мемлекетке келтірген шығыны шамамен 221 миллион теңгеден асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.