{metadescription}
Қарағанды облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмды
Қарағанды облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында ірі жол апаты болып, екі адам көз жұмды. Оқыс оқиға Қарағанды - Теміртау бағытындағы тасжолда болған.

Болжам бойынша, Ауди көлігі жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатып қарсы бағыттағы көлікке соғылыпты. Соның салдарынан ВАЗ көлігі екпінмен барып, жиектегі бағанаға жаншылған. Ауыр соққыдан тізгіндегі 24 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Ал Ауди көлігіндегі 56 жастағы жолаушы тіл тартпай кетті. Жүргізушісі мен оның тоғыз жастағы немересі түрлі жарақатымен аурханаға жеткізілген.

Санжар Әділов Қарағанды облысы ПД бастығы:

- 12 маусымда Қарағанды облысының аумағында 12 жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты.Оның ішінде Бұқар жырау ауданында –  үшеу, Осакаров аудандары, Теміртау қалаларында екі жол көлік оқиғасынан, Абай ауданында бір жолкөлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушіліредің жылдамдық ережесін сақтамауы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде