{metadescription}
Маңғыстау облысында үш күн бойы өртпен арпалысып жатыр
Маңғыстау облысында үш күн бойы өртпен арпалысып жатыр

Маңғыстау облысында үш күн бойы өртпен арпалысып жатыр

Маңғыстау облысындағы өрт сөндірушілер үш күннен бері өртпен  арпалысып жатыр. Мұнда кен орыннан шыққан жалын әлі ауыздықталған жоқ. Лаулаған алаудың биіктігі он метрге дейін жетеді.

«Бозашы мұнай» Серіктестігіне қарасты «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт өткен жұма күні басталған. Мың метр тереңдіктен бұрғылау құралын шығару кезінде газ атқылап өртенген. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 33 техникасы мен 90-ға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған.

«Оңтүстік Қаратұрын» кен орны Ақтау қаласынан 277 шақырым жерде. Мамандар ұңғымадан шыққан өрт сәт сайын жер астына қарай бойлап барады дейді. Тіпті су шашса да әсер ететін түрі жоқ. Сондықтан төтеншеліктер өртті өшіру үшін бетон аралас қоспа құймақшы.

Нұрлыбек Айжарықов, Маңғыстау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Қазір скаважина айналысында жер босап төмен қарай түсіп жатыр. Кратер ұңғымасы орын алып отыр. Диаметрі 15 метр, тереңдігі 23 метрге дейін. Скважина төменгі жерге кіріп бара жатыр. Сол себепті жоғары қысымды газ бен су қосындысын тоқтату үшін фланец орнату мүмкін болмай тұр. Ұңғыманы терең бетон қосындыларымен толтыруға шешім қабылданды. Қазір ерітінді дайындалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде