{metadescription}
Абай облысында әлі 42 мың гектар орман жанып жатыр
Абай облысында әлі 42 мың гектар орман жанып жатыр

Абай облысында әлі 42 мың гектар орман жанып жатыр

Абай облысындағы орман өртінің беті қайтпай тұр. Бесінші күн ырық бермей жатқан өртті сөндіруге мың жарым адам тырысып жатыр. 14 тікұшақ әуеден, 300 техника жерден жұмылдырылғанымен, көлемі 17 мың гектарға ғана азайған. Әлі 42 мың гектар орман жанып жатыр.

Тілсіз жау елдімекендерге жақындаған соң, тұрғындар жаппай көшірілген.

Өрт сөндірушілер үш аумақта, яғни оңтүстік, батыс және шығыс бағытта отпен арпалысып жатыр. Өрт басталғалы әуеден 1017 рет көлемі 3 мың тоннадан артық су шашылды.

 Дәл қазір тікұшақтар Мақсал көлінен суды алып, өрт ошағына апарып төгуде. Шамамен осы маңда бес-алты тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы комитеті мен жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің мың жарым адамы, 300-ден астам техника жұмылдырылған. 60 мың гектарға таралып үлгерген өрттің тек 17 мың гектары өшіріліпті. Әлі 43 мың гектар аумақ жанып жатыр. Осындай өрт ошақтары орманның әрбір жерінен кездеседі. Мәселен бұны біз қорасы мен үйі жанып кеткен жердің маңынан таптық.

150-ге тарта тұрғын үй қаңырап бос тұр. Тек малы ғана жақын маңда жайылып жүр. Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары Семейдегі үш эвакуциялық пунктке көшірілген. Жалпы қалада осындай тоғыз орын дайын. Олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдай алады. Үрейі қашқан ауыл халқының бар уайымы – өрт. 

Ормандағы кезекті өрт ошағы, біздің суымыз да таусылды және  литрлік судың бұл өртті жоюға қауқары жетпейтіні анық. Бұл қызыл жалынның осылайша тез таралуына желдің екпіні де әсер етіп жатыр.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Жел болған жерде өрт те көтеріледі. Сол себептен енді жұмыс атқарылып жатыр. Әр периметр бойынша күшіміз орынорнына қойылған. Төсеніш, оның тереңдігі 20-30 см, соның астына кетіп қалып, одан кейін біздің өрт сөндірушілер барлық жерге су құюға тырысады. Бірақ кейбір жерде болады. Тілсіз жау деп бекер айтылмаған.

Екпінді желден бөлек, аптап ыстық пен құм басқан жол да отты өшіруге кедергі келтіруде. Көршілес аймақтардан да өрт сөндірушілер тартылған еді. Қарағанды мен Семей өрт сөндіру көлігі орман ішіне жақындай бергенде кері шегіне алмай, сол жерде жанып кетті. Абырой болғанда адамдар аман.

Жалпы өртті ауыздықтауға бірінші болып "Семей орманы" табиғи резерватының қызметкерлері тырысқан. Алайда мұнда да мәселе шаш етектен. Техника аз, барының өзі ескі. Мұны резерват басшылығының өзі ашық айтып отыр.   

Мұрат Кәрімов, «Семей орманы" табиғи резерваты бас директорының міндетін атқарушы:

- 1500 адам бар, Семей орманында. Жеткілікті емес, норма бойынша бәрі жеткілікті боп тұр, ал былай бір күнде бірнеше өрт болғанда жетпей қалады. Былай айтқанда, проблема көп.  Енді бәрін тырысып шешу керек.

Өңірде көптен бері жаңбыр да жоқ. Алдағы күндері кей аумақтарына аздаған жауын жауады деген болжам бар. Мамандардың да үміттеніп отырғаны сол жауын.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрі:

- Қазіргі жағдай күрделі. Бүгінгі күні жел және жел екпні күтілуде. «Қазгидрометке» Талица ауылына қатысты қосымша ақпарат сұрадық. Бәлкім ертең жаңбыр сонымен қатар осы облысқа антициклон күтілуде. Осыған байланысты температура төмендейді деп болжап отырмыз. Сол кезде жағдай жақсарады деген үміттеміз.

Түс кезінде Талица ауылындағы орман өрті күшейген еді. Кешке қарай өрт сөндірушілер отты сөндіріп үлгерді деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі. Мамандардың айтуынша, қызыл жалынды толық ауыздықтау үшін әлі бірер күн керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде