{metadescription}
Семей, өрт: Талица, Каштак ауылдарына төнген қауіп сейілген жоқ
Семей, өрт: Талица, Каштак ауылдарына төнген қауіп сейілген жоқ

Семей, өрт: Талица, Каштак ауылдарына төнген қауіп сейілген жоқ

Өрт кесірінен Талица мен Каштак ауылдарына төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Бұл елдімекендердің тұрғындары дереу көшірілген. Эвакуация  орталығында отырған ауыл халқы үйі мен мал-мүлкіне алаңдаулы. Шарасыз күйге түскен облыс тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық да жасады.

Қаштақ ауылының маңы. Шамамен жарты сағат бұрын бұл маңда әлсін-әлсін түтін байқалған. Қазір жағдай тіпті ушыға түсті. Аспанды қою қара түтін басты. Жел екпіні күшейіп, өрт лезде таралып жатыр. Қазір осы маңға 20 шақты өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

Қалаға жақын орналасқан ауылда өрт сөндірушілер отты елдімекенге кіргізбеудің амалын жасап бағуда.Тәртіп сақшылары жолды бөгеп, ешкімді әрі өткізбейді. Әрі аядай мекенді оттан аман қалса екен деп, жанын шүберекке түйген тұрғындардың мүлкін күзетуде. Айдың-күннің аманында үй-жайын тастап кеткен азаматтар қазір уақытша паналау пунктерінде.

- Кешеден бері тамақ беріп жатыр. Жақсы демалып тұрдық. Енді әлі белгісіз, жаңа әлі түтін боп тұр деген ауылдағы үлкен кісілер. Әлі түтін басып тұр деген. Міне, күтіп жатыр, рақмет! Қыздар өте мейірімді екен. Жақсы, астыүстімізге түсіп жатыр. Өрт болмасын.

Ауыл халқынан бөлек, алаумен арпалысып жүргендер де назардан тыс қалмады. Бородулихадағы штабта тұрғындар бірлесіп өрт сөндірушілерге сағат сайын ас әзірлеп жатыр.

Гүлфия Құрманбаева, Бородулиха ауылының тұрғыны:

- Борщ, сірне, палау жасап жатырмыз. Қыздар ана жерде тамақ беріп жатыр. Басқа да ұйымнан қыздар бар. Бәріміз жұмыла жұмыс істеп жатырмыз.

Ал тұрғындар «Алладан қайыр болады» деп, жамағатпен дұға оқып, тасаттық та жасады. Озерки ауылының халқы осымен екінші күн аптап ыстықта жаңбыр жауғанын тілеп отыр.

Асқар Мұқанов, Абай облысының бас имамы:

- Күнде сағат 2-де бесін намазынан кейін тасаттық дұғамызды оқып, құрбан шалып, Құдайдан тілеу тілеп жатырмыз. Қанша күш жұмылдырсақ та, қанша техника жұмылдырсақ та, мына жел тоқтамайынша, күннің қызуы басылмаынша, бұл тоқтамайды. Сол үшін бәріміз бұл сәтте Аллаға мұқтаж екенімізді білуіміз керек.

Ал синоптектер алдағы күндері өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейтінін болжап отыр. Бәлкім күн райы елді елең еткізген өңірдегі өртті сөндіруге сеп болар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде