{metadescription}
Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың туыстары: Ол кісі қолынан өлді
Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың туыстары: Ол кісі қолынан өлді

Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың туыстары: Ол кісі қолынан өлді

Ақтөбеде жетінші қабаттан құлап өлген бойжеткеннің жақындары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді. Олар 19 жастағы бойжеткен кісі қолынан өлді деп отыр. Сондықтан сол күні жанында болған досын қатаң жазаға тартуды талап етуде. 

Асылан Елшібаев, марқұмның ағасы:

- Әкесін қосу, тергептексеруге. Адвокатын жалдап, қызын қорғасын. Біз 105-баппен келіспейміз. Бізге ауыр керек. Өлтірген ғой. Секіргенде лақтырып тастаған шығар.

19 жастағы бойжеткеннің мәйіті осыдан бес күн бұрын қаладағы көпқабатты үйлердің алдынан табылған. Ол жетінші қабаттан құлаған. Үстінде тек футболкадан басқа киім болмапты. Марқұмның туыстары сол күні қыз құлаған пәтерде қан іздері болды деп отыр. Сондықтан бойжеткеннің суицидке барғанына сенбейді. Пәтерде болған досы балконнан лақтырып жіберуі мүмкін екенін айтады. Ал тәртіп сақшылары бірнеше сараптама жасаған. Бірақ оны тергеу құпиясына сай, айта алмаймыз дейді.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Өзін өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыс аясында өзге ақпарат жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде