{metadescription}
45 пайыз ел азаматтарының шетелге қыдыруға ақшасы жоқ
45 пайыз ел азаматтарының шетелге қыдыруға ақшасы жоқ

45 пайыз ел азаматтарының шетелге қыдыруға ақшасы жоқ

Қазақстандықтар биыл жазды үйде өткізетін сыңайлы. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 45 пайызы шетелге жолдама алуға ақшасы  жоқ екенін айтқан. Өйткені биыл шетел курортында демалу құны күрт қымбаттаған.

Ал сауалнамаға қатысқан 4 мың адамның 25 пайызы демалысын елде, 17 пайызы өзге мемлекетте, 13 пайызы ауылда өткізетінін айтқан.

Ал шекара асуға ниеттеніп отырғандардың басым бөлігі, әдеттегідей, Түркия, одан кейін Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Таиландты таңдаған. Ішкі туризмді қолдайтындар үшін бірінші орында – Алакөл. Бірақ ондағы пансионаттар да бағасын көтеріп жіберген.  

Жазғы демалысын күткен халықтың көбінің ойында шетелге бару туралы жоспар мүлдем жоқ. Қалтаны қаққан қымбатшылықтан тек күнкөріс қамын ойлайды. Оған жақында ғана жүргізілген сауалнама дәлел. Ал өзге елге саяхаттағанды ұнататындар үшін биыл сұраныстағы Түркия мен қатар бірнеше мемлекеттің бағасы көтерілген. 

Александр Акназаров, туроператор:

- Биыл сұраныс жылдағымен салыстырғанда тым төмен. Оған экономикалық, геосаяси, әлеуметтік жағдай себеп болуы да мүмкін. Оның үстіне тур бағасы курс бағамының көтерілуіне байланысты қымбаттады. Мәселен, Түркия еліне саяхат адам басына 20-25 пайызға дейін өсті. Бір адамға бір аптаға 1300-1500 доллар кетеді. Мысырға  шамалы арзандау. Онда адам басына 1000 доллар шамасында.

Сауалнамаға қатысқан халықтың төрттен бірі демалысын елде өткізбек. Ішкі туризмді қолдайтындар үшін бірінші орында – Алакөл. Одан кейін Бурабай мен Балқаш. Ал алматылықтарға тау бөктеріндегі демалыс аймақтары көңіл көтеруге таптырмас мекен.  

Бір ғана Медеу шатқалында адам қарасы қалың. Әсіресе күннің ыстығына қарамастан демалып жүрген жастар көп. Біразының шетелге шығып демалу жоспарында да жоқ екен. Айтуларынша, қала сыртында дәл осындай тынығатын орын жетерлік. «Ең бастысы – қаражатты да көп қажет етпейді» - дейді. Соның бірі – Диана Рахымбердиева. Ол ақылы оқуына байланысты бірде-бір рет өзге мемлекетке саяхатқа шықпаған. 

Диана Рахымбердиева:

- Мысалы, шетелге шығу үшін, кем дегенде, адам басына миллмиондай теңге. Туыстарыңа сыйлық әкелуің керек. Ал мына жақта бәрі қолжетімді. Өз айлығыңды 100-150 мыңға үнемдеуге болады. Мына жаққа студенттерге дейін 90 теңгеге ме, 150 теңгеге келеді. Он мыңға да қыдыруға болады, шетелге сонша ақша кетірмей.

Көбінесе көрікті жерлерді көруге жұртшылық жеке барады. Туристік орталықтар да көбейіп кеткен. Қазір мамандар әсіресе Алматы облысындағы Көлсай мен Қайыңдыға сұраныс жоғары деп отыр. 

Надежда Выпридская, туристік орталықтың менеджері:

- Қазір ел ішіндегі туристік аймақтарды аралайтындар көбейді. Көлсай мен Қайындыға демалыс күндері тәулігіне мың жарым адам барады. Есік көлі де көптің көңілінен шығатын жер. Қапшағай су қоймасы бар. Бұл жаққа таңнан кешке дейін адам басына 8 мың теңге. Сондайақ 6 жарым мыңнан басталып 12 мыңға дейін жалғасады. Мұнда көлік, экскурсия бағдарламасы да бар.

Ал шетелге шығатындардың таңдауы – Түркия. Одан кейін тізімде Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр және Тайланд елдері тұр. Бірақ бағасы биыл да көтерілген. Осылайша жағдайы орташа қазақстандықтар сыртқы туристік бағыттарға миллионнан аса ақша шашқанша, ел ішінде 300 мың теңге жуық қаражатқа демалған дұрыс деп санайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.