Атырауда ағайынды екі бала суға кетіп өлді
Атырауда ағайынды екі бала суға кетіп, ажал құшты. 15-16 жастағы жасөспірімдердің денесін құтқарушылар Жайық өзенінен іздеп жатыр.
Автор: Жанат Молдашова
14.06.2023
Асылбек Қожахметов, балалардың туысы:
- Ағалы-іні балалар каникулға келіп ойнап жүрген жерінен осылай болып жатыр. Хабар естіп бәріміз келіп жатырмыз. Кеше сағат жеті жарымнан бастап іздестіріп жатыр. 11 жарым, 12-ге дейін іздеді. ТЖ да бар. Таңертең жетіден бастап тағы іздеп жатыр.
Жасөсіпірімдер Жайықтың тыйым салынған жеріне келіп суға түскен. Шомылып жүрген екеуін ағыс алып кетіпті. Бауырларының суға батып кеткенін үшінші бала хабарлаған. Қазір құтқарушылар төрт қайықпен өзен бойын сүзіп жүр. Оларға су полициясы мен еріктілер де қосылды. Жыл басынан бері Атырау облысында 13 адам суға кеткен. Оның үшеуі – жасөспірім.
Асхат Ержанов, Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
- Жаз басталды. Каникулда оларға ешкім қарамайды. Атаанасы жұмыста. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құралдарымен іздеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!