{metadescription}
Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты сотталғандар аштық жариялады
Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты сотталғандар аштық жариялады

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты сотталғандар аштық жариялады

Ақтөбеде атышулы «Гарант24 Ломбард» қаржы пирамидасына қатысты сотталғандар аштық жариялады. Бірер күнде жазасын өтеу үшін түрмеге жіберілетін 33 адам істі қайта қарауды талап етуде. Олардың талабын тергеу абақтысының алдына жиналған жақындары жеткізді. 

Диана Елеуова:

- Менің күйеуім 11 жылға сотталды, Елеуов Нұржан. Еш дәлелденген жоқ. Қаншама миллиардтан мойнына талап іліп қойды. Кінәсі болса аштыққа бармас еді.

48 адам қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған болатын. Алды 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бір ай бұрын сотталушылар облыстық сот алқасына апелляциялық шағым түсіргенімен, алғашқы үкім өзгеріссіз қалды. Енді бірер күнде әрбірі тұрғылықты жеріндегі түрмеге жөнелтіледі.

Төрт бірдей қаржы пирамидасының кесірінен елімізде 17 мың адам сан соғып қалған-ды. Олар ақшасын «еселеп аламыз» деп, дүние-мүлкін, көлігіне дейін қаржы ұйымына салған. Жалпы шығын 30 миллиард теңге. Қазір аштық жариялаған сотталушылармен прокурорлар келіссөз жүргізіп жатыр. 33 адамның бірнешеуі райынан қайтыпты.

Аман Құлмұханбетов, ҚАЖД №70 мекемесінің бастығы:

- Бүгін төрт адам аштық жариялауды тоқтатып, тамақ ішіп жатыр. Қалған 29 адамды медициналық қызметкерлеріміз күнітүні бақылап отыр. Олардың мекеме әкімшілігі тарапына, іштегі жағдай мен тәртіпке қатысты тағар міні жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде