{metadescription}
Бурабайлықтарды үрейде ұстаған қылмыстық топ құрықталды
Бурабайлықтарды үрейде ұстаған қылмыстық топ құрықталды

Бурабайлықтарды үрейде ұстаған қылмыстық топ құрықталды

Бурабайда әлі жеткеннен ақша бопсалап, жастарды банктен несие алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды. Айтқанына көнбегендерге күш қолданған. Шағын кент тұрғындарын үрейде ұстағандардың әрекетін өткен аптада айтқан едік.

Қарақшыларды құрықтау операциясы Щучье қаласында өтті. Полицейлер бір мезетте 8 күдіктіні ұстап, төртеуін қамауға алды. Олар бопсалау, тонау, алаяқтық және қылмыстық қақтығыстарға қатысу дерегі бойынша күдікке ілігіп отыр. Яғни жергілікті тұрғындарды қорқытып, жастарды мобильді қосымша арқылы ақша немесе тауарды несиеге алуға мәжбүрлеген. Бас тартқан жағдайда күш қолданып, ұрып-соққан. Қазірдің өзінде осы қылмыстық топтан зардап шеккен 8 жәбірленуші анықталды, саны тағы  көбеюі мүмкін.

Өткен аптада ғана Щучьеде екі жігіт оққа ұшқан еді. Ол қылмысқа осы бопсалаушылардың да қатысы бар.

Дәурен Дәуітов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

- Арнайы операцияда полиция қызметкерлері тінту іс шараларын жүргізіп, айғақ заттарды тәркіледі. Төрт фактіге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде