{metadescription}
Алматы облысында сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысында сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысында сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды

15 миллион теңгеге сатылып кеткен Алматы облысы Шалқар ауылындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бос тұрған нысанның иесі істі сотқа жеткізбей, өзі қайтарыпты. Мұны бүгін Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қаузаған өңір әкімі айтты.

Мектеп мәселесі ел арасында үлкен дау туғызған. Өңірде мектеп жетіспеушілігіөзекті мәселе. Қазір Алматы облысы халқының саны 1 жарым миллионнан асады. Оның 478 мыңы мектеп жасына дейінгі балалар. Әрі жыл сайын оқушы саны 13-14 мыңға көбейіп отыр. Мұндай демографиялық өсіммен жылына, кем дегенде, 13 мектеп салыну қажет екен.

Марат Сұлтанғазиев екі жылдың ішінде 63 білім ошағын тұрғызуды жоспарлап отыр. Адам санының көбеюіне байланысты өңірде білім ордасынан басқа да шешілуге тиіс мәселе жетерлік. Мысалы, бақандай 400 мың гектар жер пайдаланылмай құр жатыр. Оның 157 мыңы мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Сондай-ақ ауызсу тапшылығы, ауылды газбен қамту, жол сапасын жақсартуға миллиардтар бөлінді деген облыс әкімі түйткілдердің шешілетініне сенімді.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Биыл 62 жобаны іске асыруға 27,8 миллиард қарастырылған. Жыл соңына қарай сапалы ауызсуға қол жеткізу деңгейі 93,5 пайызға жетеді. Газдандыру қарқынды жүріп жатыр. 147 елдімекенге газ берілді. 1 млн. 11 мың тұрғынның газ қосу мүмкіндігі бар. Жыл аяғына дейін тағы 9 елдімекен газдандырылады. Жылданжылға жол сапасы жақсарып келеді. 2022 жылы 731 шақырым жол жөнделді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.