{metadescription}
Абай облысында 15 адамның өмірін жалмаған алапат өрт сөндірілді
Абай облысында 15 адамның өмірін жалмаған алапат өрт сөндірілді

Абай облысында 15 адамның өмірін жалмаған алапат өрт сөндірілді

Абай облысындағы алапат өрт жеті тәуліктен кейін ауыздықталды. Қазір Семей орманында жалындап жанып жатқан жер жоқ тек әр жерден бықсыған түтін көрінеді. Өрт сөндірушілер сол шоқтарды сөндірумен айналысып жатыр.

Еліміздің әр өңірінен келген құтқарушылар үйіне әлі қайтқан жоқ. Жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрі де өрт жалмаған аумақта жүр. Сырым Шәріпханов бүгін өрт сөндірушілермен кездесіп, осы оқиғадан сабақ алуды тапсырды.

Абай облысында 15 адамның өмірін жалмаған алапат өрт ауыздықталды. Қазір еліміздің әр түпкірінен келген өрт сөндірушілер жеті күн бойы тілсіз жаумен күресіп, қаз-қатар сап түзеп тұр. Еліміздің төтенше жағдайлар министрі келеді деп күтуде.

Министр тікұшақтан түскен бойда алапат өртпен күрескен өрт сөндірушілерге алғысын жаудырды. Ал бір апта бойы от пен судың ортасында жүріп басын қатерге тіккендер жалынның сөнгеніне әлі де сене алар емес. Себебі, олар орман өртін ауыздықтап, жақын маңдағы ауылдарды сақтап қалу үшін бар күшін салды. Сондықтан жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрі өрт сөндірушілердің ерлігіне құрмет көрсету үшін арнайы келгенін айтты.

Бір апта бойы тілсіз жаумен күрескендер әбден діңкелеген. Тіпті кейбірі үй-ішінің амандығын біліп, хабарласуға да мұршасы болмапты.

Бекбол Көшкенов, Алматы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:

- Үйдің ішінің бәрі күнде алаңдап жатыр. Мына жақта байланыс та жоқ. Тек су басына келген кезде ғана үй ішімен сөйлесеміз. Біз аманбыз, уайымдамаңыздар деп айтамыз.

Қазір  жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ. Қауіптің бұлты сейілгендіктен, төрт ауылдан көшірілген 400 адам баспанасына қайта оралды.

Валерий Малиначка, Талица ауылының тұрғыны:

- Баубақша қурап қалды. Төрт күн бойы үйде болған жоқпыз. Қазір суарамыз. Бәрі қалпына келер. Ең бастысыауылымыз өрттен аман.

Жалынды ауыздықтауға 1800 адам мен жүздеген техника жұмылдырылған. Дегенмен 650 мың гектар орманды алқаптың 60 мың гектары жанып кетті. Ал қара күйеге боялған қарағайлардың қайта қаулап, қара орманға айналуына шамамен бір ғасыр керек. Сондықтан төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қызметкерлеріне алапат өрттен сабақ алуды тапсырды. Алайда ведомство басшысы тозығы жеткен техниканы толық жаңарту мүмкін емес екенін ашық айтып отыр.   

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Ескірген техниканы пайдалануымыз керек. Оны жөңдеп, жетілдіріп, қолдануымыз қажет. Бұл техникалар қымбат. Оны жарамсыз қылып тастауэкономикалық тұрғыда тиімді емес.

Ал өрт сөндірушілердің отбасына қашан аттанары әзірге белгісіз. Өйткені ормандағы бықсыған ағаш әлі өшіріліп жатыр. Қазір мамандар күлге айналған аумақты аралап, түтіндеген жерлерге су шашып, топырақ төгіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.