{metadescription}
Кәріз бекетіндегі жарылыста жұмысшы әйел күйіп қалды – Ақтөбе облысы
Кәріз бекетіндегі жарылыста жұмысшы әйел күйіп қалды – Ақтөбе облысы

Кәріз бекетіндегі жарылыста жұмысшы әйел күйіп қалды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында кәріз сорғы бекетінде жарылыс болып, бір жұмысшы ауыр жараланды. Денесінің 95 пайызын күйік шалған әйел қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілігін  қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып сіріңке тұтатқан. Осы кезде жиналған газ атылып, әйелдің денесі қатты күйген. Соған қарамастан ауыр жараланған әйел бекеттегі апат туралы күйеуіне хабарлап үлгерген. Денесінің 95 пайызын күйік шалған науқасты санавиация көмегімен облыс орталығындағы ауруханаға жеткізді. Жағдайы тым ауыр.

Қуанышбек Серікжан, Кеңқияқ ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы:

- Канализациялық сорғылау станциясында 1975 жылғы әйелді күйік шалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол кәріз сорғылау станциясында бірнеше жыл қызмет атқарады. Аталған станция «Кеңқияқ СК» коммуналдық меемесіне тиесілі. Қазір науқас Ақтөбе қаласына, облыс орталығына жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.